16.05.2024, 11:30
Оқылды: 57

Қазақстан мен Германия энергетика, көлік және логистика салаларында бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі

Бұл туралы Берлин Еуразиялық клубының 40-шы мерейтойлық отырысында белгілі болды.

IMG_20240516_113627_727«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Германия экономикасының Шығыс комитеті басқармасының төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзердің қатысуымен Берлин Еуразиялық клубының 40-шы мерейтойлық отырысы өтті.

IMG_20240516_113633_482

Сондай-ақ шараға мемлекеттік және жеке сектор өкілдері, CLAAS, CT AGRO GmbH, Knauf International GmbH, Atlas International GmbH секілді Германияның жетекші компанияларының басшылары қатысты.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары өзінің алғы сөзінде Германияның еліміздің Еуропалық одақтағы ең маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Соңғы жылдары Қазақстан Германияның 50 жетекші сыртқы сауда серіктестерінің қатарына енді, осылайша бірден 10 позицияға көтерілді.

«Республикамыздағы инвестициялар қауіпсіздігі мен жоғары саяси тұрақтылықты мойындаудың маңызды белгісі – Германия Федералды үкіметінің Қазақстанды ынтымақтастық орнату үшін инвестициялық кепілдіктер берудің жеңілдікті тәртібі қолданылатын 34 мемлекеттің тізіміне қосуы болды», — деді Р. Скляр.

Өз кезегінде Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы ең маңызды серіктесі екенін баса айтты. Ол неміс делегациясының Қазақстанға агроөнеркәсіп кешені, тау-кен металлургиясы, энергетика, көлік және логистика салаларында нақты бірлескен жобаларды жүзеге асыруды уағдаласу мақсатымен келгенін ерекше атап өтті.

«Германия шетелде серіктестерді белсенді іздеуде, осы орайда Қазақстан ынтымақтастықты кеңейтудің басым бағыты болып саналады. Біз қосылған құны жоғары өнім шығарғымыз келеді және Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік жобаларды дамытуға үлес қосуды жоспарлап отырмыз», — деді Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы.

Кездесу барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, Германия экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Михаэль Хармс, Орталық Азиядағы неміс экономикасы Сыртқы сауда, ілгерілету және қаржы департаментінің басшысы Ховсеп Восканян, Германия Федеративтік Республикасының Экономика және климатты қорғау федералды министрлігінің басшысы Герлинд Хекман және т. б. қатысты.

Сонымен қатар Р. Скляр құрамына 15 неміс компаниясының басшылары кіретін неміс экономикалық делегациясының өкілдерімен кездесу өткізді. Тараптар пікір алмасып, ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін анықтап, экономиканың түрлі салаларындағы әріптестікті тереңдетудің ықтимал жолдарын талқылады.

Фото: t.me/KZgovernment/10895

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале