6.02.2024, 9:00
Оқылды: 87

Қазақстан мен Иранның қолжазба реставраторлары тәжірибе алмасты

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Каллиграфия» көрмесі ашылды.

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көрмеде тарихи ескерткіштертегі куфи жазуымен жазылған 50-ден аса картина және XIII ғасырда жазылған тарихи тұлғалардың өмірдеректері мен XVIII ғасырда қағазға түскен Орта Азиядағы түркі халықтарының көшбасшылары жайлы «Зобдат-уль-тарих» қолжазба көшірмелері бар.

75b0533fdf9a37f5243c12c2f5793817_1280x720

Фотолар: gov.kz

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Бекділдәұлының айтуынша көрмеге Иранның ең мықты каллиграфтары мен реставраторлары келген.

4b65febd95352ef82040dcd015b58fc6_1280x720

Шара аясында Ираннан арнайы шақырылған мамандар мен қазақстандық архив, кітапхана, музей және ғылыми орталықтардың реставраторлары көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды каталогтау, жүйелеу, цифрлық жүйеге көшіру, қалпына келтіру және каллиграфия өнері бойынша тәжірибе алмасады.

99367e0ab888a46c5a894b3144fa9ff8_1280x720

«Ирандық мамандар қолжазбалар мен баспа ісін реставрация жасау ісінде озық тәжірибеге бай. Көрмеге қойылған тарихи-мәдени ескерткіштерден алынған көне жазулар үлгісі мен қолжазба көшірмелері реставраторлардың жойыла бастаған мұраларды қайта жаңғыртқан таңдаулы жұмыстары», - деп Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Али Акбар Джоукар атап өтті.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған іс-шаралар түрлі тақырыптар аясында апта бойы жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале