3.03.2025, 14:46
Оқылды: 414

Қазақстан мен Қытай ортақ мал шаруашылығы зертханасын ашуды жоспарлап отыр

Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндіру ғылыми-зерттеу институты, қытайлық Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының мал шаруашылығы Академиясы және қазақстандық «Жібек Жолы» коммерциялық-инвестициялық компаниясы ЖШС «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде бірлескен жайылымдық мал шаруашылығы зертханасын құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

84fb504a35d3271b01c9814f2b84b774_1280x720

Фото: gov.kz

Тиісті келісім бірлескен технологиялық әзірлемелерді, тәжірбие алмасуды, тренингтер арқылы кадрлар даярлауды, техникалық оқытуды және практикаға ғылыми жетістіктерді енгізуді көздейді.

Тараптар теңдік және өзара тиімділік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ғылыми зерттеулер, технологиялық инновациялар және мал шаруашылығы саласында кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале