4.03.2025, 15:45
Оқылды: 59

Қазақстан мен Өзбекстан су үнемдеу технологияларын енгізу және дамыту бойынша тәжірибе алмасуда

"3-5 наурыз аралығында Ташкентте Өзбекстан Республикасының су үнемдейтін суару жүйелерін дамыту және енгізу жөніндегі тәжірибесін зерделеу бойынша тренинг өтуде. Іс-шараға қазақстандық су шаруашылығы саласының мамандары да қатысып жатыр", - деп хабарлайды ҚР су ресурстары және ирригация министрлігі.

dd2b20a2730ae7629a62a9ccd96edfbf_1280x720

Фото: www.gov.kz

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев қаңтар айының соңында өткен екіжақты су ынтымақтастығын тереңдету жөніндегі бірлескен жұмыс тобының 12-ші отырысында аталған тренингті өткізу туралы келіскен болатын.

Іс-шара аясында оқыту дәрістері, семинарлар, заманауи су үнемдеу технологиялар мен су үнемдеу жүйелерінің элементтерін жасаумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысымен танысу өтеді. Тренингке қатысушылар су үнемдеу технологияларының тиімділігін іс жүзінде жүзінде бағалай алады.

«Біз өз мамандарымыздың біліктілігін арттыру мәселесі бойынша өзге елдермен белсенді ынтымақтастық орнаттық. Мысалы, биыл қазақстандық 105 маман Қытайда тәжірибе алмасады. Бұдан бөлек, 1000-ға жуық маман қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтеді»,- деді Ғылым және инновация департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале