Бұл туралы бүгін форумға қатысушылар айтты. Бұған дейін Атамекен өнер ордасында Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатқаны туралы айтқан едік.

Сол форум аясында бүгін түске дейін екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірнеше меморондумға қол қойылды.

Бұл меморондум аясында екі ел арасындағы өндірістік, экономикалық, ғылыми бағыттағы жұмыстар одан әрі жанданып екі ел үшін де тиімді жұмыстар жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

Қазір форум жұмысының екінші кезеңі басталды. Пленарлық отырыста мамандар цифрландыру, жасанды интелект тақырыптарында сөз қозғап, тәжірибе алмасуда.
Жанат Көшкінбай,
Суреттер Мейірбек Ташқұрановтікі