Дзюдодан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы мамырдың 7 мен 14 аралығы Дохада өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазіргі таңда команда оқу-жаттығу жиынын пысықтап жатыр.
Ерлер:
60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66: Ғұсман Қырғызбаев
73: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев
81: Абылайхан Жұбаназар
90: Дидар Хамза, Айдар Арапов (mix team)
100: Нұрлыхан Шархан
+100: Ғалымжан Қырықбай
Бұрымдылар:
48: Әбиба Әбужакынова, Ғалия Тынбаева
52: Толғанай Әбеуова
57: Бақыт Қусақбаева
63: Эсмигуль Куюлова
70: Анастасия Маякова
78: Аруна Жангелдина
+78: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова
Бұл әлем біріншілігі - Парижде өтетін Олимпиада алдындағы соңғы жарыс.