10.02.2022, 14:30
Оқылды: 47

Қазақстан Өзбекстанға азық-түлік жеткізуде көш бастап тұр

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанды азық-түлікпен қамтамасыз ету жағынан көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

201202162914806a3725518i

Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың қорытындысына сәйкес, азық-түлік импорты негізінен Қазақстан – 34,1%, Ресей Федерациясы – 27,3%, Бразилия – 11,2%, Беларусь Республикасы – 3,6, және Украина 2,2% сияқты елдерден жүзеге асырылған. «2020 жылы Қазақстаннан азық-түлік тауарлары импортының көлемі 867,3 млн АҚШ долларын құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 996,5 млн АҚШ долларына немесе 129,2 млн долларға өсті. Қазақстанның азық-түлік тауарлары импортының жалпы көлеміндегі үлесі 34,1%-ды құрады.

Өзбекстан ведомствоның мәліметінше, негізгі сұраныс қазақстандық жарма – 65,1% (импорттың жалпы көлемінен), ұн – 9,3%, өсімдік майына – 8% болып тұр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале