12.08.2024, 9:00
Оқылды: 99

Қазақстан Париждегі Олимпиада ойындарын жеті медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

9BED5A39-A265-40C7-88D7-FC88149CDB92

Сурет: Olympic.kz

Біздің спортшылар Франция астанасында жеті медаль жеңіп алды. Ел қоржынындағы жалғыз алтынды Елдос Сметов еншіледі. Ол дзюдодан 60 келі салмақта сынға түсті. 

Сондай-ақ, қазақстандықтар үш күміс медаль иеленді. Гимнаст Нариман Курбанов, грек-рим күресінің өкілі Демеу Жадыраев (77 келі) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) тұғырдың екінші сатысына көтерілді. 

Париж Олимпиадасының қола медалін Назым Қызайбай (50 келі, бокс) және Александра Ле мен Ислам Сәтпаев (нысана көздеуден аралас командалық жарым) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) иеленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале