29.07.2025, 9:00
Оқылды: 108

Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен келді

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.

479c99c6-0c93-47e6-9813-c7230e6bf710

Мемлекет басшысын күтіп алу үшін трап алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті.

– Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

a564c2b1-85b5-4a02-abcc-cec1124515dd

Бүгін, мемлекет басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.

 

Дереккөз: https://t.me/aqorda_resmi

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале