6.10.2022, 14:30
Оқылды: 49

Қазақстан Red Jolbors коммуникациялар фестивалінде жыл мемлекеті атанды

1-2 қазанда Алматыда Red Jolbors XI Орталық Азия коммуникациялар фестивалі өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан 450-ден астам маман келді. Red Jolbors білім беру бағдарламаларын  және  коммуникациялық және жарнамалық үздік конкурстарды қамтиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

21

Байқауға Орталық Азия мен Әзірбайжан елдерінен 360-тан астам жұмыс қатысты. Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан жыл елі мәртебесін алды. Бұл атақ қай елдің агенттіктері мен компаниялары халықаралық қазылар алқасының дауыс беру нәтижесінде ең көп ұпай жинаса, сол елге беріледі.

Әзірбайжандық Endorphin компаниясы жылдың ең үздік агенттігі болып танылды. Қазақстан келген қатысушыларға 50 марапат, өзбекстандықтарға  24 марапат, әзірбайжандықтарға 13 марапат берілді.

"Red Jolbors-та біз әрқашан саланың ең қызықты және өзекті мәселелерін көтеруге, өз сараптамаларын жарнамалық агенттіктердің өкілдерімен және аймағымыздың маркетологтарымен бөлісу үшін үздік сарапшыларды әкелуге тырысамыз. Биыл конкурстың спикерлері мен қазылар алқасы жарнама және маркетинг саласындағы ең беделді марапаттардың иегерлері болды. Бүкіл құрамға 100-ге жуық “Канн арыстандары", сондай-ақ бірнеше Effie марапаттары берілді. Effie – маркетингтік тиімділік саласындағы әлемдегі ең маңызды марапаттардың бірі", - деді Red Jolbors негізін қалаушы Сабина Рейнгольд.

22

Red Jolbors – бұл жарнама және маркетинг саласының мамандары асыға күтетін шаралардың бірі. Жобаға шығармашылық, коммуникациялық және жарнама агенттіктерінің өкілдері, өндіріс және дизайн студиялары, маркетологтар, бренд менеджерлері, PR мамандары қатысады. Red Jolbors миссиясы – креативті индустрия өкілдерінің кәсіби қауымдастығын құру және дамыту. Фестиваль Қырғызстанда құрылған. Ал 2018 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанда өтеді.

Фестивальдің бас серіктесі – Jusan Bank.

Фестивальге қолдау білдіргендер: Beeline, Tiger, Magnum, Burger King, Novotel.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале