12.11.2024, 9:15
Оқылды: 135

Қазақстан шетелдік мамандар мен «неономадтар» үшін есігін ашуда

2024 жылғы 18 қарашадан бастап Қазақстанда бизнес-иммигранттар, білікті мамандар және саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңартылған виза ережелері күшіне енеді. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігі хабарлайды. 

c1a6897b5eddf09073f0fe3000064471_1280x720

Фото: ҚР сыртқы істер министрлігі

Жаңа өзгерістер келесіні қамтиды:

– «В9» визасы – сұранысқа ие кәсіптер өкілдеріне одан әрі тұрақты тұруға ықтиярхатты ресімдеуге мүмкіндік беретін санаты;

– Digital Nomad Visa – IT мамандарына арналған бір реттік электронды және көп реттік қағаз визасы, тұрақты тұру мүмкіндігін береді;

– Neo Nomad Visa – айына кемінде 3000 АҚШ долларын құрайтын табысты растаған жағдайда ұзақ мерзімді болу құқығын беретін «неономадтар» үшін туристік виза;

– «С5» бизнес-визасы үшін талап етілетін құжаттар тізімі айтарлықтай азайып, отбасы қосылуы мақсатында виза алу үшін неке-отбасы қатынастар ұзақтығының минималды мерзімі үш жылдан бір жылға дейін қысқартылды.

Бұл шаралар инвестициялық ахуалды жақсартуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, білікті мамандарды тартуға және Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале