13.11.2023, 16:15
Оқылды: 46

Қазақстан спортшылары джиу-джитсудан әлем чемпионатының командалық есебінде топ жарды

10-12 қараша күндері Даугавпилс қаласында (Латвия) өткен джиу-джитсудан әлем чемпионаты аяқталды. Жарысқа жер-жаһанның 29 елінен 600-ге жуық спортшы қатысқан. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, олардың қатарында Қазақстан құрамасының 80 спортшысы бар.

20b3deb1-ae78-4b4c-b8e0-865c6d4ad2ff

Жасөспірімдер арасындағы Граунд Файт бағдарламасында жерлестеріміз 6 алтын, 5 күміс және 6 қола жүлдеге ие болса, ересектер арасындағы сайыста отандастарымыз 6 алтын, 4 күміс және 14 қола медаль жеңіп алды. Клосс контакт бойынша өткен жекпе-жекте жасөспірімдер – 6 алтын, 6 күміс және 4 қола, ересектер – 9 алтын, 8 күміс және 8 қола, Cелф жарысында 2 алтын, 5 қола медаль олжалады. Ал Фулл контакт бағдарламасында жасөспірімдер – 6 алтын, 3 күміс және 4 қола, ересектер – 11 алтын, 9 күміс және 4 қола жүлдеге қол жеткізді.

1984283f-1550-448f-ac0f-e561a02ccc25

Осылайша, жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға Украина, үшінші сатыға Қырғызстан спортшылары жайғасты.

«Біздің спортшылар әлем чемпионатында керемет нәтиже көрсетті. Жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көріну – өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі, тамаша жетістік. Құрама спортшыларын, оның ішінде жаттықтырушылар штабын шын жүректен құттықтаймын. Әрі қарай да өз жанкүйерлеріңізді жарқын жеңістермен қуантасыздар деп үміттенемін», - деді туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале