Қазақстан тек Қытайға ғана жылу бөлетін жинақтар экспорттайды. Бұл туралы Үлбі металлургиялық зауытынан мәлім етті. Бұл туралы Kazinform жазды.
Сурет: kazatomprom.kz
«Жылу бөлетін жинақтар — экспорттық өнім. Ол CGN компаниясының қатысуымен тек Қытай Халық Республикасына ҚХР атом станцияларына жеткізіледі. 2022-2023 жылдары ҚХР-ға жылу бөлетін жинақтар 5 рет жеткізілді. Төмен байытылған уранға қайта есептегенде шамамен 150 тонна өнім жөнелтілді. Қытайдың атом электр станциясының реакторларына екі жылу бөлетін жинақтар жүктелді. Олар: Қытайдың оңтүстігіндегі "Янцзян" және "Фанчэнган" станциялары.
2024 жылдың шілде айының соңында жылу бөлетін жинақтардың барлығы 8 жеткізілімі жүзеге асырылды. Төмен байытылған уранға қайта есептегенде бұл 240 тоннаны құрайды», — делінген зауыттың ресми жауабында.