Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жойқын зілзала аймағына зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар жіберілді.
Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна.
Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті.