Ертең сағат 15:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Фото: primeminister.kz
Үкіметтің күн тәртібінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы мен «Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары» қаралмақ.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көре аласыздар.