Ертең сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде егін жинау науқанының аяқталу барысы, Үкіметтің заң жобалау жұмысының 2024 жылға арналған жоспарының жобасы қаралады.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көруге болады.