2.08.2024, 12:00
Оқылды: 57

Қазақстан ҰОК бокс бәсекесіндегі кейбір төрешілердің іс-әрекетіне күмән келтірді

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде жұмыс істеген кейбір төрешілердің қызметіне күмән келтіретінін мәлімдеп, PBU-ға (Paris boxing Unit) жүгінді. Бұл туралы olympic.kz жазды.

E42BD475-33C8-44FF-A682-FD159E64F6B1

Фото: olympic.kz

Сонымен қатар, кейбір төрелік кезіндегі біржақтылыққа назар аударуды сұрады.

Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекесін ұйымдастырушылар бұл ескертуге назар аударып, аталған жағдайға қатысты зерттеу жүргізуге уәде берді. Аталған төрешілерге қатысты іс қозғалды.

Осы орайда, бұл іс-шараның жекпе-жектер нәтижесіне әсер етпейтінін ескеру керек. Ережеге сәйкес, аяқталған жекпе-жектер нәтижесі қайта қаралмайды. Алайда, төрешілердің өз қызметінде қателік жібергені дәлелденсе, олар қызметтен шеттетілуі мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале