12.07.2024, 16:30
Оқылды: 101

Қазақстан ҰОК пен «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы Олимпиада қарсаңында бірегей коллаборация жасады

Париждегі Олимпиада ойындарының қарсаңында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен отандық «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы құрамаға қолдау көрсету мақсатында коллаборация жасады. Бұл туралы Olympic.kz мәлімдеді.

5659FB1A-FF6A-4729-A3BF-9C7D23FF59C1

Суреттер: Olympic.kz

Серіктестік аясында әйгілі қазақстандық шоколадтың шектеулі партиясы шығарылды. Кондитерлік өнімнің қаптамасы Париждегі Олимпиада ойындарына арнайы дайындалған спорт тақырыбындағы өзіндік дизайнмен әрленген.  

«Біз үшін спортшыларымызды барлық ірі жарыста қолдаудан бөлек, еліміздің мәдениеті мен қонақжайлылығын әлемге дәріптеу де маңызды.

Атлеттеріміз жарыста үнемі өзімен алып жүретін дәстүрлі сыйлық – қазақстандық шоколад Олимпиада қарсаңында арнайы жаңа қаптамаға оралды.

Біздің «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасымен бірлесе жасаған бұл коллаборациямыз ұлттық брендімізді халықаралық алаңда танытып қана қоймай, өзге елдермен достық қарым-қатынасты нығайтарына да сенімдімін. Өйткені, Олимпиада ойындары ең алдымен бар әлемді біріктіретін алаң», - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева.

0CBDB05E-3BF2-461A-8915-A5CFE4FC7278

«Олимпиадалық» шоколадтың арнайы партиясы ел құрамасымен бірге Парижге аттанады. Спорттық делегация өкілдері шоколадты өзге ел қатысушыларымен бөлісу арқылы оларға әйгілі қазақ қонақжайлылығының бір бөлігін көрсетпек.

«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы ұлттық өндіруші ретінде спорт, салауатты өмір салты, отбасы институты, отбасылық құндылықтар мен өзін-өзі жетілдіру және рухани дамуды қолдайды.

Ал олимпиадалық дизайндағы шоколадтардың шектеулі сериясын дайындау арқылы Қазақстан ҰОК-пен бірге жүзеге асқан бұл коллаборация қолдауымыздың органикалық көрінісіне айналды.

«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы шығарған шектеулі олимпиадалық коллекция  Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын біздің спортшыларымызды қолдау символы болмақ», - дейді «Баян Сұлу» АҚ басқарма басшысы әрі президенті Тимур Садықов.

Айта кетелік, «Баян Сұлу» ұсынған «Олимпиадалық» шоколад Қазақстан дүкендерінде сатылады. Бұл еліміздегі әрбір тұрғынның спортшыларды қолдауына мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале