АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік қысқы Универсиада еліміз үшін сәтті өтуде. Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні ел қоржынына қос медаль түсті. Оны биатлоншылар сыйлады.

10 шақырымға созылған спринтте ел намысын Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Вадим Куралес және Бекентай Тұрлыбеков төрттігі қорғады.
Қорытындысында 10 шақырымды 27:51,5 уақытта бағындырған Бекентай Тұрлыбеков алтыннан алқа тақса, одан 8.3 секундқа қалып қойған АҚШ спортшысы Бьорн Уэстервелт күміс, тағы бір қазақстандық биатлоншы Александр Мухин қола жүлдегер атанды. Александр мәре сызығын Бекентайдан 22.2 секундқа кешігіп қиды. Айта кетейік Бекентай Тұрлыбеков ату аймағында бір де бір рет қателеспеді.
Үш алтын бір қола медаль иеленген ел құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады. Бірінші орында 14 алтын, 9 күміс, 3 қола жеңіп алған Жапония құрамасы, екінші орында үш алтын, бір күміс, бір қоласы бар Финляндия келеді.
Айта кетейік бұған дейін ел қоржынына алтын медальді биатлоншы Вадим Куралес пен шаңғымен транпоиннен секіретін Данил Васильев салды.
Жеңісінен соң Sports.kz сайтына шағын сұхбат берген Универсиада чемпионы Бекентай Тұрлыбеков жеңіске жетуге көмек көрсеткен шаңғы сылаушылар тобы мен жарысқа дайындаған бапкерлер құрамына ризашылығын білдірді.
– Жарыс тартысты өтті. Ауа-райының қолайсыздығы кедергі болмады. Өте қатты қуанып тұрмын. Жеңіс құтты болсын,-деді чемпион.
Түгелбай Бисен ,
zhaikpress.kz