29.05.2024, 11:45
Оқылды: 233

Қазақстан волейбол құрамасы финалға шықты

Филиппин астанасы Манила қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан «AVC шақыру кубогі» турнирінде Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

1716962014

Фото: olympic.kz

Қазақстандық қыздар жартылай финалда алаң иелері – Филиппин командасымен сынға түсті.

Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:0 (25:23, 25:21, 25:14) есебімен ұтты.

Екінші жартылай финалда Вьетнам командасы Австралияны 3:0 (25:21, 25:19, 25:16) жолдан тайдырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале