Еліміздегі қазақтардың үлесі 70,18 пайызға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Үкімет басшысы Асқар Маминнің Президентке берген есебінде айтылады.
Қазақстанда өткен ұлттық санақтың қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам.
Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жеткен.
Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.