Қазақстандық маман Константин Горовенко Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Фото: prosports.kz
Ол Қайрат Нұрдәулетов «Жетісу» командасына кеткеннен кейін құраманы басқарады.
Бұған дейін бұл қызметке Нұрдәулетовтың көмекшісі Нұрбол Жұмасқалиев қарастырылған болатын.
Горовенко бапкер ретінде «Шахтер», «Жетісу», «Мақтаарал», «Атырау», «Каспий» сияқты клубтарда жұмыс істеген.