9.02.2026, 12:00
Оқылды: 70

Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен аяқтады

_gluster_2026_2_9_406f0018201d009669dbae3c5f0a43a6_1280x720

Қытайдың Тяньцзинь қаласында жеңіл атлетикадан жабық кезендегі XII Азия чемпионаты мәресіне жетті.

Шешуші жарыс күні Ұлттық құрама қоржыны тағы 3 медальмен толықты. Нәтижесінде команда биылғы құрлық додасында 7 жүлдеге (3 алтын, 1 күміс, 3 қола) қол жеткізді, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

Жүлдегерлер:
Әйелдер эстафетасы (4х400 метр) - Аделина Земс, Мария Шувалова, Анна Шумило, Кристина Кондрашова;
3000 метрге жүгіру - Нора Джеруто Тануи
Бессайыс - Алина Чистякова
Биіктікке секіру - Надежда Дубовицкая

Үш қарғып секіру - Мария Ефремова
1500 метрге жүгіру - Нора Джеруто Тануи
Ерлер эстафетасы (4х400 метр) - Мәди Төкенов, Эльнор Мухитдинов, Андрей Соколов, Вячеслав Земс;

_gluster_2026_2_9_6a7fd4f868e99d5b6e027b4000b76b6a_1280x720

Жалпыкомандалық есеп:
1. Қытай (10 алтын, 11 күміс, 13 қола)
2. Қатар (4 алтын)
3. Жапония (3 алтын, 6 күміс, 2 қола)
4. Қазақстан 3 алтын, 1 күміс, 3 қола)

Фото: gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале