Сынақтар RCMbase Бірыңғай базасы — жол-құрылыс материалдары, технологиялар, зертханалар және өндірістік қуаттар туралы ақпарат жинайтын цифрлық платформа шеңберінде жүргізіледі. Бүгінгі таңда тізімге 153 материал енгізілді. Олардың 41-і «жасыл» мәртебеге ие болды, бұл олардың тиімділігін растайды.

«Жол жамылғысы үшін жаңа стандартқа көшу туралы айтқым келеді. Бұл - біз осы жылы енгізіп жатқан Superpave технологиясы. Ол жолдардың қолданысын арттыруға және оларды күтіп-ұстауға кететін шығындарды азайтуға сеп болады. 2025 жылы Қазақстанның түрлі өңірінде 7 тәжірибелік учаске салуды жоспарлап отырмыз. Superpave климаттық жағдайларды ескере отырып, жолды қолдану сипаттамаларына бейімделген», – деп түсіндірді спикер.

Superpave — бұл АҚШ-та жасалған асфальтбетон қоспаларын жобалау жүйесі, деп қосты ол. Жүйе климаттық жағдайларды және қозғалыс қарқындылығын ескереді.