Қазақстанда 1 ақпаннан бастап автогаз бағасы көтеріледі. Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевтің жаңа бұйрығы шықты.
1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 458 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін тауар биржаларынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін, - делінген бұйрықта.
Сонымен баға қандай? Бірге оқиық.
№ |
Атауы |
Тауар нарығының географиялық аймағы |
1 литр Шалғай аудандарды қоспағанда, қосылған құн салығын ескерілген, шекті бөлшек баға |
1 литр Облыс орталығынан 200 шақырымнан астам жерде орналасқан шалғай аудандар үшін қосылған құн салығын ескергендегі шекті бөлшек баға |
1. |
Сұйтылған мұнай газы |
г. Астана |
102 |
- |
2. |
г. Алматы |
102 |
- |
|
3. |
Ақтөбе облысы |
77 |
82 |
|
4. |
Атырау облысы |
77 |
82 |
|
5. |
Ақмола облысы |
102 |
107 |
|
6. |
Алматы облысы |
102 |
107 |
|
7. |
ШҚО |
102 |
107 |
|
8. |
Жамбыл облысы |
90 |
95 |
|
9. |
БҚО |
77 |
82 |
|
10. |
Қостанай облысы |
102 |
107 |
|
11. |
Қызылорда облысы |
90 |
95 |
|
12. |
Қарағанды облысы |
102 |
107 |
|
13. |
Маңғыстау облысы |
65 |
70 |
|
14. |
Павлодар облысы |
102 |
107 |
|
15. |
СҚО |
102 |
107 |
|
16. |
Түркістан облысы |
90 |
95 |
|
17. |
Шымкент |
90 |
- |
|
18. |
Абай облысы |
102 |
107 |
|
19. |
Жетісу облысы |
102 |
107 |
|
20. |
Ұлытау облысы |
102 |
107 |