28.12.2021, 16:40
Оқылды: 47

Қазақстанда 13 мыңға жуық әскери ревакцина жасатты

Қазақстанда армияның 13 мыңға жуық әскери қызметшісі мен азаматтық персоналына қайтадан коронавирус екпесі салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Медициналық тұрғыда қарсы көрсетілімі бар адамдарға ғана вакцина егілмейді.

15

«Қорғаныс министрлігінің әскери емханалары және тіркелген жеріндегі азаматтық емдеу мекемелері, сондай-ақ әскери және азаматтық емдеу мекемелерінің көшпелі егу бригадалары белсенділігі жойылған вакцина арқылы ревакцинация жүргізеді», – деді Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаев.

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің ревакцинация жүргізу туралы қаулысына сәйкес COVID-19 қарсы екпенің толық курсынан кейін алты ай өткенде қайта екпе салу қажет.

Бас әскери-медициналық басқармасы ел Қарулы күштеріндегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал ұжымдық иммунитеттің қалыптасуының арқасында тұрақты екенін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале