10.12.2020, 15:18
Оқылды: 31

Қазақстанда 14 желтоқсаннан бастап аймақтар карантинге жабылады деген ақпарат - фейк

Қазақстандықтар мессенджерлерде ел аймақтарында 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды stopfake.kz.

275438BE-9369-43ED-822A-50EEDA465951

«Хабарлама ҚР премьер-министрінің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған. Бұл – фейк» деп жазады сайт. ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды: «Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале