14.09.2023, 17:30
Оқылды: 59

Қазақстанда 17 букмекерлік кеңсе лицензиясын өз еркімен тапсырды

ҚР Туризм және спорт министрлігінің түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензияларын тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

794CBF80-438F-42BA-BC48-821DC341658C

Сурет: vseprosport

Сондай-ақ жыл басынан бері 6 букмекерлік кеңсе өз еркімен жұмысын тоқтатты.  

Бұдан бөлек, ойын бизнесі субъектілерінің лицензияларын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл сотқа 14 талап арыз жіберілді, оларды қарау қорытындысы бойынша 6 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автоматтары залы қызметін тоқтатты.

Қазіргі кезде екі букмекерлік кеңсенің лицензиясын жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.  

«Министрлік ойын бизнесінің жосықсыз субъектілерімен белсенді күресуде. Қазіргі уақытта ойын бизнесін реттеуді күшейтуді және тиісті нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасы дайындалып жатыр. Заң жобасы аясында 55 түзету әзірленді, оның ішінде 16 жаңа реттеуші құрал бар, олар бойынша басқа министрліктермен келісу процесі жүріп жатыр және реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі», – деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале