16.05.2020, 11:18
Оқылды: 40

Қазақстанда 2,9 миллионнан астам адам 42 500 теңгені екінші рет алды

15 мамырдағы жағдай бойынша 2,9 млн.-нан астам қазақстандық төтенше жағдай режимінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңгені екінші рет алды. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.

CE49F031-678D-4CA1-8475-5BCB76588F51

Төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай - 16 сәуірден 11 мамырға дейін. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан) төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, «42 500 теңге» төлемге екінші айда үміткер бола алады. 16 сәуірден бастап 11 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін өтініш берген азаматтар бір рет төлем алуға үміткер бола алады. Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимі тоқтатылуына байланысты 11 мамыр сағат 18.00-ден бастап 42 500 теңге тағайындауға жаңа өтініш қабылдау аяқталды. Жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтініш белгіленген тәртіппен қаралады және өтініш тиісті шарттарға сәйкес келген жағдайда 42 500 теңге тағайындалып, төленеді. Бұрын берілген өтінішті қарау мәртебесін 42500.enbek.kz сайтынан білуге болады. 42 500 теңге төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 млн. адам алды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале