Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. Елімізде 11 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейді. Олардың штатында 25 мыңнан астам адам бар. Кітап қоры 328 миллион данадан асты.
⠀
Кітап қорын жаңарту бойынша да бірқатар шара жүзеге асып жатыр. Соңғы 5 жылда, мемлекеттік тапсырыс аясында, 4,5 миллион кітап шығарылды.
⠀
Шетелдік бестселлерлерді қазақ тіліне аудару - маңызды аспект. Оқырманның сұранысына сай кітаптар шығару үшін арнайы әлеуметтік сауалнамалар жүргізу жоспарланып отыр.
⠀
2023 жылы отандық авторлардың 24 кітабы таныстырылды.