ҚР оқу-ағарту министрлігіні баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде өңірлерде 88 мың оқушыға арналған 96 жаңа мектеп ашылған.
Фото: zhaikpress.kz
Жалпы жылдың аяғына дейін түрлі қаржы көздері есебінен 132 мың оқушы орынға арналған 154 мектепті, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мектепті пайдалануға беру жоспарланған.
Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін, 113 елді мекендегі оқушы орындарының тапшылығын шешпек.
Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асып жатыр.
Биыл 217 мектептің құрылысы басталған. Олар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба ең алдымен қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептерді салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.
Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектеп салу жоспарланған.