31.05.2024, 15:45
Оқылды: 321

Қазақстанда «Aiala» алғашқы республикалық арт-эко фестивалі өтеді

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Бейбітшілік және келісім сарайында алғашқы республикалық «Aiala» арт-эко фестивалі өтеді.

InShot_20240531_082458789
Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оны Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ұйымдастырады. Бас демеуші - «Халық» қайырымдылық қоры.

Фестиваль еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар үшін өнер арқылы қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге мүмкіндік берді.

Бір айдың ішінде 200-ден астам оқушы 6 санат бойынша экология тақырыбында қызықты жұмыстар жасай отырып, өздерінің таланттары мен шығармашылықтарын көрсетті:

▪️Beınele – бейнелеу өнері (фото, кескіндеме);
▪️Árle – перфоманс (мүсін және инсталляция);
▪️Qara – видео түсіру (фильмдер, роликтер) ;
▪️Sezin – арт перфоманс (театр, көше перфоманстары, флешмобтар) ;
▪️Sóıle – музыка және поэзия (әндер, өлеңдер) ;
▪️Órnekte – сәндік-қолданбалы өнер (тоқыма, керамика бұйымдары).

Қазір 36 финалистің есімдері белгілі. Бірақ жеңімпаздар 1 маусым– Халықаралық балаларды қорғау күнінде жарияланады.

Сондай-ақ фестиваль аясында киіз басу, кескіндеме, қаржылық сауаттылық және макулатурадан панно жасау бойынша шеберлік сыныптары өтеді.

Балаларға арнап интерактивті ойын-сауық, кейтеринг ұйымдастырылып, мерчтер сатылады. Одан түскен қаражат экологиялық қорларға аударылады.

Іс-шараның арнайы қонағы ретінде «JOLDA» би театры шақырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале