Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүріп жатқан қанша бала бар екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: pixabay.com
Қазіргі уақытта республикада барлығы 30 984 АИТВ жұқтырған қазақстандық диспансерлік бақылауда.
– Оның ішінде ерлер - 18 740 (60,5 пайыз), әйелдер - 12 244 (39,5 пайыз). Оның ішінде АИТВ-мен өмір сүріп жатқан 298 бала қаралады, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz ресми сұрауына жауап ретінде.
АИТВ жұқтырғандардың көпшілігі Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында тұрады.
Айта кетейік, биыл АИТВ жұқтырған адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 11,1 миллиард теңге бөлінген.