25.07.2025, 23:00
Оқылды: 115

Қазақстанда әйелдер консультациясы бөлімшелері қайта ашылады

Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде медициналық көмек көрсететін амбулаториялық қызметтердің бірыңғай блогына біріктіре отырып, «Әйелдер консультациясы» бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіреді. Бастаманың мақсаты - еліміздің әйел халқына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.🫥 Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты жазды. 

A female doctor of Middle Eastern decent holds out a tablet as she takes notes during a medical appointment with a senior patient.  She is wearing blue scrubs and has a white lab coat overtop, and the patient is dressed casually and has her back to the camera.

Сурет: istockphoto.com

Әйелдер консультацияларының жаңартылған құрылымында мыналар ашылады:
* Бір күндік клиникасы бар ұрықты сақтау орталықтары
* Отбасын жоспарлау орталықтары
* Жүктілікті үзу кабинеттері
* Мультидисциплинарлық топтың қатысуымен жоғары қауіпті және экстрагениталдық аурулары (ЭГА) бар жүкті әйелдерді қадағалауға арналған кабинеттер
* Репродуктолог және балалар гинекологының кабинеттері
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова емханалардык базасында ашылған «Әйелдер консультациясы» бөлімшелерінде медициналық көмек көрсету қағидаттары туралы айтып берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале