БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасы «Қазақстандағы гендерлік теңдікті және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қоғамдық көзқарас» атты талдамалық есебін дайындады.
Сарапшылар гендерлік зорлық-зомбылық, оның ішінде интимдік жұп тарапынан зорлықзомбылық, сондай-ақ харассмент қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзекті мәселе екенін атап өтеді. Мұны зерттеу деректері де растап отыр.
Респонденттің көпшілігі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы пікір білдіргенімен, көбісі келісімсіз жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, күйеуінің немесе жұбының әйелді қорқытуы мен қоқан-лоқы көрсетуі, әйелінің немесе жұбының сыртқы келбетін, қаржысын және қарым-қатынасын бақылауда ұстауы гендерлік зорлықзомбылықтың көрінісі екенін жете түсінбейді.
Сарапшылар гендерлік зорлық-зомбылық тұрғысынан қандай да бір нақты өңірлерді бөліп көрсетуге бейім емес немесе көшбасшылар қатарында Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтарын атайды. Сонымен қатар сандық зерттеуге сәйкес Шымкентте әйелдерге физикалық зорлық-зомбылық көрсетуді құптайтын респонденттердің үлесі Ақмола облысына немесе Алматы қаласына қарағанда 5,1 есе, Астана қаласына қарағанда 5,7 есе, Солтүстік Қазақстан облысына қарағанда 7,3 есе көбірек.
Фото: istockphoto.com
zhaikpress.kz