2.04.2025, 15:45
Оқылды: 152

Қазақстанда аймақтарға арналған жаңа «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) 2025 жылдың 7 сәуірінен бастап «Орда Аймақ» ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламасы іске қосылатыны туралы хабарлайды!

Орда-Аймақ-русказ-2

Жаңа ипотекалық бағдарлама ҚТК кепілдігімен құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді.

Бұл ҚТК кепілдігімен үлескердің инвестициялары қорғалатынын білдіреді: құрылыс аяқталмаған немесе құрылыс салушы банкрот болған жағдайда, ҚТК үй құрылысының аяқталуына кепілдік береді.

Өтінімдер «Отбасы Банкі» АҚ уәкілетті агенттері арқылы қабылданады. 21 жастан асқан Қазақстанның кез келген азаматы қарыз алушы бола алады. «Отбасы Банк» АҚ – да депозиттің болуы бойынша қарыз алушыға қойылатын талабы мен тұрғын үйдің болуы бойынша шектеу «Орда Аймақ» бағдарламасына қолданылмайды.

Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:

  • 15,9 % мөлшерінде белгіленген сыйақы мөлшерлемесі, ЖТСМ 17,26 % – дан 22,81 % – ға дейін.
  • Икемді шарттар:
    • бастапқы жарна: 20% бастап.
    • қарыз сомасы: 1 млн теңгеден 75 млн теңгеге дейін.
    • қарыз мерзімі: 12 айдан 240 айға дейін.
  • Тұрғын үйдің бастапқы құны төмен: салынып жатқан тұрғын үйдің бағасы дайын тұрғын үйге қарағанда төмен.

Салынып жатқан құрылыс объектілерінің сипаттамасымен, сондай-ақ сату бөлімшелері мен консультанттардың байланыстарымен ҚТК тұрғын үй порталында orda.homeportal.kz танысуға болады.

Орда-Аймақ-русказ-3

Толық ақпарат алу үшін ҚТК-ның сall-орталығына хабарласыңыз:
+7 7172 79-75-75 – қалалық телефоннан қоңырау шалу.
8 800 080-44-48 – ұялы телефоннан қоңырау шалу.

«Қазақстан Тұрғын үй  Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале