17.10.2023, 17:45
Оқылды: 84

Қазақстанда аккредитациядан өткен алғашқы орган пайда болды

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, ішкі тұтынушылар үшін бұл шара халал бағалау субьектісінің сертификаттарына сенім артуға негіз.

Ал аккредитациядан өткен ұйымның сертификаттарын алатын ұйымдар үшін өз өнімдері мен қызметтерін экспорттауға қосымша мүмкіндіктер ашады.

WhatsApp Image 2023-10-17 at 10.14.27

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредитация орталығының ақпараты бойынша, бүгін Халал өнімдердің, процестері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган «Halal Quality Center» ЖШС Алматы қ., «Сәйкестікті бағалау стандартының» ҚР СТ OIC/SMIIC 2-2022 талаптарына сай акредитациядан өткен.

Халал бойынша аккредитация - Қазақстандағы сапаны бағалау жүйесіндегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Аккредиттелген Халал сертификатының жағымды әсері соңғы тұтынушыға дейін таратылады, ол Халал сертификатының артында сәйкестікті растаудың бүкіл жүйесі бар екеніне сенімді болады: аккредиттеу сертификаттау органдарына деген сенімді арттырады.

Өз кезегінде сертификат беретін органдар өздері ұстанатын стандарттардың жоғары талаптарына сай келетін Халал өнімдерді өндірушілерге тапсырады. Ал өндірушілер сертификат беру арқылы тұтынушыларға стандарттарға сәйкес өндірілген өнімдерді немесе қызметтерді ұсынады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале