2.08.2023, 17:45
Оқылды: 47

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстандағы 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орал 07

Метеорологтар мәліметінше, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, бұрынғыдай еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде және шығысында екпінді жел соғып, бұршақ жауады.

"Елдің батыс аймақтарында қысым күшейеді, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Температура фонында айтарлықтай ауытқу болжанбайды", делінген хабарламада.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале