Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастайды. Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 гектар жылыжай кешенін салды. Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі. Бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі.
Жобаның құны бірінші кезеңде 4 миллион АҚШ долларды құрайды. Түрік компаниясы құрылыс кезінде жоғары беріктігі бар құрылымдарды пайдаланған. Жылыжайлар климаттық бақылаумен және бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталға. Бұл өсімдіктердің генетикалық әлеуетін тіпті қолайсыз ауа-райында да толық ашуға мүмкіндік береді.