16.01.2022, 16:10
Оқылды: 72

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Осы аптада елімізде бірқатар маңызды кадрлық ауыс-түйіс болды. Еліміздің Үкіметі жасақталып, жаңа лауазым иелері өз қызметтеріне кірісті. 

211010094942626a3846965i

Аптаның басында Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын депутаттардың қарауына ұсынған болатын.

Талқылау барысында Мәжіліс депутаттары Президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап, Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болып тағайындалуына келісім берді .

Ә. Асханұлы 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы — ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалған еді.

***

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы жарияланды.

Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;

Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;

Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

***

Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

***

Осы аптада Ержан Қазыхан ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды.

Е. Қазыхан 1954 жылы 21 тамызда дүниеге келген. Алматы қаласында туған. Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыс факультетінде білім алып, 1987 жылы оқуын тәмамдаған. Тарихшы, шығыстанушы. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

***

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Аида Ғалымқызы 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. 1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

2020 жылдың 4 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

***

Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін ол ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып жұмыс істеген.

***

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

***

Бейбіт Исабаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.

***

Дархан Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалды.

Дархан Жазықбаев 1976 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітірген. Философ, философия пәнінің оқытушысы, заңгер. Философия ғылымдарының кандидаты.

2019 жылғы маусымнан бері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып еңбек етті.

***

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Марат Бақытжанұлы Бекетаев ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Әділет министрі қызметін атқарған еді.

***

«Қазақстан халқына» қорын Болат Жәмішев басқаратын болды.

Айта кетейік, Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры (ҚӘҚ) құрылды. Қор Қазақстан халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайырымдылық көмек көрсетеді, төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде зардап шеккендерге, халықтың әлеуметтік осал топтары әрі осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдеседі.

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғалиев ҚР Қаржы бірінші вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.

***

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ж. Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.

2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

***

ҚРҮкіметінің Қаулысымен Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасының сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ерлан Баттақов 1969 жылы 9 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын және Мемлекеттік статистика комитеті мен Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің РСБЖИ бітірген.

2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болды.

***

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Александр Сергеевич Данилов Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

2020 жылдың шілде айынан бастап Stopfake.kz жобасының жетекшісі болды.

***

Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Абзал Әбдікәрімов 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазҰПУ, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Kings College London, University of London, IE Business School бітірген. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

***

Асхат Ғалымұлы Хасенов Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Асхат Хасенов 1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазмұнайгаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді.

***

ҚР Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ержан Қазақбаев 1983 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы технологиялық университетін, Абердин университетін бітірген.

2020 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін ҚР Сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.

***

Алматы қаласы және Қостанай, Қызылорда, Жамбыл облыстарындағы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттеріне жаңа бастықтар тағайындалды.

Алматы қаласы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы болып Марат Ирменов тағайындалды.

Ал Қостанай облысы бойынша департаментті бұдан былай ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Айбар Дуанбаев басқарады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департамент бастығы қызметін полковник Болат Қалмырзаев атқаратын болды.

Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы болып Нұрлан Кәрібжанов тағайындалды.

Н.Қалқаманұлы бұған дейін ҰҚК-нің орталық аппаратында департамент басшысы лауазымын атқарған.

***

Алматының бас санитарлық дәрігері болып Қарлығаш Әбдіжаббарова тағайындалды.

***

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жаңа басшы болып Райхан Қойшанова тағайындалды.

Қазіргі кезде осы саладағы еңбек өтілі - 27 жыл. Бұған дейін департаменттің бөлім басшысы қызметтерін, ал 2017 жылдан бастап Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале