23.02.2022, 10:20
Оқылды: 133

Қазақстанда әрбір он екінші тұрғын артериялық гипертониямен ауырады - кардиолог

Жүрек-қан тамырлары ауруы - әлемде ең көп тараған дерттің бірі. Ал Қазақстанда әрбір 12 -ші тұрғын артериялық гипертониямен ауырады.

220223110819654e

Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) жоғары санатты кардиолог дәрігері Жұлдызай Егембаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жыл сайын әлемде 20 млн-ға жуық адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұмады. Бұл Бейжің, Шанхай, Токио, Дели сияқты ірі мегаполистің халқымен тең. Қазақстандағы жүрек-қан тармырлары ауруларына келер болсақ, жағдай мәз емес.

«Қазақстанда әрбір 33-ші тұрғында қан айналым жүйесі ауруларының симптомдары, әрбір 12-ші тұрғында жоғары қан қысымының клиникалық симптомдары бар, 19 миллионнан 1,5 млн адам артериялық гипертония бойынша есепте тұр, жүректің ишемиялық ауруы және гипертонияның үлесіне қан айналымы жүйесінің барлық бұзылыстарының 60%-ы тиесілі»,- дейді Жұлдызай Егембаева .

Дүниежүзілік жүрек федерациясының мәліметтері бойынша, егер салауатты өмір салтын ұстанып, темекі шегу, тамақтану және дене қимылының белсенділігі бақыланатын болса инфаркт пен инсульттан болатын мезгілсіз өлімнің 80%-ның алдын алуға болады.

Жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан немесе жоғары қан қысымы, қант диабеті, гиперлипидемия немесе дамып келе жатқан ауру болған жағдайда мұндай аурулардың қаупі жоғары адамдар ерте анықтауды және кеңес беру арқылы, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді қабылдауды қажет етеді.

«Соңғы жылдары жүрек-қан тамырлары ауруларының, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы ерлер мен әйелдер арасында миокард инфарктісінің «жасаруының» тұрақты үрдісі байқалып отыр», - дейді кардиолог

Дәрігердің сөзінше, заманауи диагностиканың деңгейі патологиялық процесс қайтымды және емделуге келетін жүрек-қантамыр жүйесінің көптеген ауруларын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Жүрек ауруларын зерттеудің әдістері физикалық, зертханалық және аспаптық болып бөлінеді.

Дәрігердің бірінші қабылдауда орындайтын зерттеудің физикалық әдістеріне:

- тері және шырышты қабықтарды қарау;

- пальпация – басып қарау;

- перкуссия – соғып қарау;

- аускультация – тыңдау кіреді

«Қарапайымдылығына қарамастан, зерттеудің физикалық әдістері дәрігерге алдын ала диагноз қоюға, қажетті зертханалық және аппараттық зерттеулердің шеңберін анықтауға мүмкіндік береді. Жүрек-қантамыр ауруларын диагностикалау кезінде зертханалық талдаулар жалпы клиникалық және арнайы болып бөлінеді. Кардиологиялық бейіндегі патологияларды анықтауға арналған қан талдаулары жүрек пен тамырлар ауруларының даму қаупінің факторларын бағалауға, жүрек тамырларының ерте және жасырын зақымдануларын анықтауға мүмкіндік береді.

- Зерттеудің аспаптық әдістеріне:

- Электрокардиография (ЭКГ)

- Холтер бойынша артериялық қан қысымын тәуліктік мониторингілеу

- Эхокардиография

- Жүрек және тамырлардың допплерлік зерттеуі

- Ангиокардиография.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале