13.10.2022, 17:15
Оқылды: 46

Қазақстанда аренда дүрбелеңі басылып, жалдамалы пәтердің ақысы төмендеді

Қазақстандағы жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы мен сұранысына талдау жасаған Krisha.kz ресурсы пәтерақы дүрбелеңі бәсеңдегенін хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

632d26b526dd0364091486

Фото дереккөзі: halyq-uni.kz

Мониторингке сенсек, 5-12 қазан аралығында жеті қалада пәтерақы бағасы керісінше сәл түскен.

Атап айтсақ, Петропавл, Ақтөбе, Павлодар, Орал, Астана, Қостанай, Атырау қалаларында пәтерақы 10% төмендеген.

Ал Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларында пәтерақы әлі қымбаттап жатыр.

2210131643320450f

Пәтерақының шарықтау шегі:

- Алматыда - 30 қыркүйектен 7 қазанға дейін;

- Астана – 5 қазаннан бастап;

- Орал - 2 қазаннан бастап тіркелді.

Алматыда нарық құрылымының өзгеруіне және арзан пәтерлердің тапшылығына байланысты төмендеу әлі байқалмай отыр.

Бір қызығы, Түркістан, Тараз, Көкшетауда пәтерақы мен сұраныс өзгермеген деуге болады.

2210131643320451f

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале