28.03.2025, 10:00
Оқылды: 49

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді қаржыландырудың жаңа форматы енгізілді

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсету жүйесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) бекітетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтерін қалыптастыру қағидалары мен әдістемесіне негізделген қаржыландырудың жаңа форматына көшті. Бұл АӘҚ алуға мұқтаж азаматтарды қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.

88b0d50d786fb9579b9849685ded37e2_1280x720

Сурет: gov.kz

Қаржыландырудың жаңа форматы, оның ішінде жекеменшік сектор мен білікті мамандарды АӘҚ көрсетуге тарту есебінен бәсекелестікті дамыту үшін енгізілуде. Бұл тетік ұйымдар жұмысының тиімділігін және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде қызметкерлердің жалақы деңгейіне оң әсер етуі қажет.

Тарифтер АӘҚ ұсынатын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен мәліметтер негізінде қалыптастырылатын болады және екі құрамдас бөлікті қамтиды: негізгі және қосымша шығыстар.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале