Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын ауылдардың қамтамасыз етілуіне мониторинг және талдау жүргізеді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
«Елімізде 6,2 мың ауылдық елді мекенде 7,6 млн адам тұрады. Бұл – жалпы халық санының 38,4%-ы. Министрлік жыл сайын Өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес ауылдардың қамтамасыз етілуі деңгейіне мониторинг және талдау жүргізеді. Талдау нәтижелеріне сәйкес, жоғары және орташа деңгейде қамтамасыз етілген ауылдар санының артуы байқалады», — деп хабарлады ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.