16.11.2022, 16:16
Оқылды: 149

Қазақстанда автокөліктер саны 11%-ға көбейді – Ұлттық статистика бюросы

Ұлттық статистика бюросы 2022 жылдың қыркүйегінде елде 102 200 автокөліктің тіркелгенін мәлімдеді. Бұл 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10,9%-ға көп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

7

2022 жылдың 10 айында елде 4 362 000 көлік тіркелген. Олардың 87,8%-ы жеңіл көліктер болса, 10,2%-ы жүк көліктері, өзге 2%-ы автобустар екен.

"2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 10 258 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 15 092 адам зардап шекті. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда апаттар 8,9%-ға көп", – дейді мамандар.

Осы жылдың қазанында сақтандыру компаниялары 68 885 дерек бойынша 35,9 миллион теңге өтемақы төледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале