30.09.2021, 9:08
Оқылды: 21

Қазақстанда автокөлікті техникалық байқаудан өткізуге қатысты жауапкершілік күшейтіледі

Автокөлікті тексерместен құжат беретін техникалық байқау орындары жауапқа тартылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында ауа сапасына арналған конференцияда Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы Лаура Маликова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

B1B48205-3FEB-4032-8441-857CA199152A

«Орталық Азиядағы ауа сапасына мониторинг» атты конференция барысындағы баспасөз мәслихатында Еуропа елдерінде ауаны қатты ластаушы дизель отынымен жүретін көліктерді шектеу жүріп жатқаны және осындай қадамдарды елімізде енгізу мүмкіндігі туралы сұралды.

«Ауаның ластануында автокөліктердің де үлесі бар екені белгілі. Дизель отынының бензинге қарағанда әлдеқайда лас екенін білеміз. Германияның кейбір қалаларының орталығында дизельмен жүретін көліктерді кіргізбейді. Енді бізде осындай саясатты Алматы қаласында қарастырып жатыр, 2019 жылда талқылаулар болды. Атап айтқанда, әр қаланың әкімшілігі өзінің деңгейінде көлікке қатысты өзінің саясатын бекітуі керек. Осы орайда ауаның ластануын болдырмау үшін, халықтың денсаулығына зиянды азайту мақсатында дизельмен жүретін автокөліктерге қатысты талаптарды қойса болады», - деді Лаура Маликова.

Сонымен қатар ол ластануға жол бермеу үшін мемлекеттік деңгейде мұнай өңдейтін зауыттардың жұмысын жақсарту керектігін айтты.

«Әр отын түрінің өзіндік стандарты бар, осы стандарттарға көшу үшін мұнай өңдеу зауыттарында барынша жаңғырту жұмыстарын жүргізу маңызды», - деді қауымдастық төрайымы. Бұдан бөлек Л. Маликова автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу мәселесіне тоқталды. «2011 жылдан бері техникалық байқау (техосмотр) тетігі жеке секторға берілді. Бұған дейін оны мемлекеттік сектор жүргізсе, 2011 жылдан бастап жекеменшік компаниялар іске асырып келеді. Қазіргі уақытта кейбір авкөлік иелері тиісті құжатты ақшаға сатып алуы фактілерінің кездесіп жатқаны өкінішті жағдай. Сондықтан осы мәселелерді жауапты министрлікке (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) жеткіздік. Биыл қазан айында техникалық байқауды жүргізетін жекеменшік компаниялардың жауапкершілігін арттыру мақсатында бірқатар нормаларға өзгеріс енгізу қарастырылмақ», - деді ол.

Осы орайда Лаура Маликова аталған компаниялар техникалық байқаудан өткен көліктерге берілген құжатқа, көліктің байқаудан лайықты деңгейде өткеніне жауап беруі керек екенін атап өтті.

«Яғни, мессенджерлер арқылы сататын құжат болмауы керек. Мамандар автокөлікті нақты қарап, тестілік сынақтан өткізіп, соның нәтижесінде құжатты беруі маңызды. Егер тексерместен жалған құжат берсе, соған сәйкес жауапкершілік қарастырылады», - деді қауымдастық төрайымы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале