Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қолдан жасап, көтеру фактілері тіркелді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
«Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық — түлік өнімдеріне рұқсат етілген бөлшек сауда үстемесінен асып кету фактілері-749 бұзушылық анықталды. Олардың көпшілігі: қант - 40% дейін, күнбағыс майы - 35% дейін, көкөністер-25%», - деп жазды Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында.
«19-25 наурыз аралығында Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының 1,7% - ға өсуі тіркелді жыл басынан бері ӘМАТ бағасының өсуі 9,9% - ды құрады. Бір апта ішінде ең көп қымбаттады: қырыққабат -11%, пияз - 9,3%, қант - 6,3%, картоп - 4,7%, сәбіз - 3,3%, тауық жұмыртқасы - 1,7%», - делінген Үкімет басшысының орынбасары жариялаған ақпаратта.
Еске сала кетсек, Премьер-Министр әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% үстеме бағаның сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған еді.
Дереккөз: ҚазАқпарат