
Мемлекеттік бақылау «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңымен реттеледі. Ол бақылаудың арнайы тәртібін бекітіп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейтеді.
«Кенеттен тексерулерді енгізу балалардың қорғалуын, мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Енді уәкілетті орган нақты бұзушылықтар туралы сигнал түскен жағдайда өз шешімімен тексеру тағайындап, нысанға дереу шыға алады. Сигнал түскен кезде нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізіледі», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Айта кетейік, 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Жаңа нормалар 2026 жылғы 1 ақпанда күшіне енеді.