Қазақстанда банктік лицензияның жаңа түрі – «базалық» лицензия пайда болады. Жаңа ереже Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң жобасына енгізілді. Заң жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірледі.

Сурет: gov.kz
Базалық лицензияны енгізу жаңа банктердің нарыққа кіру жағдайларын жеңілдетеді және бәсекелестікті арттырады, сондай-ақ экономикаға кредит беруге оңәсер етеді. Базалық лицензия әмбебап лицензиядан белгілі бір операцияларға арналған шектеулермен ерекешеленеді. Операциялардың ауқымы да шектеледі, байланысты тараптарға кредит беруге тыйым салынады.
Сонымен қатар, операцияларды шектеумен қатар кейбір пруденциялық талаптар төмендетілетін болады. Атап айтқанда, капитал, өтімділік және басқа көрсеткіштер бойынша талаптар, сондай-ақ есептілік санын азайту жоспарлануда.
Базалық лицензиясы бар банктерде активтер мөлшеріне шектеу болады.Егер банк белгіленген шекті деңгейге жетсе, онда оған әмбеб аплицензияалу қажет болады. Мысалы, әр түрлі елдерде базалық банктік лицензиямен жұмыс әмбеб аплицензия алғанға дейін бейімделу кезеңі болып саналады.
Бұл ретте реттеуді жеңілдетуге қарамастан, қадағалау бөлігінде ұсынылған тәсіл қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін жеткілікті болады. Тәуекелдерді басқару жүйелеріне жеңілдіктерді ескере отырып, негізгі қадағалау моделі SREP (Supervisory Reviewand Evaluation Process), инспекторлық тексерулер және т. б. болады.
Базалық лицензияны енгізу банк секторындағы бәсекелестікті күшейтеді және қаржы нарығын дамытуға қосымша ынталандыру береді деп күтілуде.