28.09.2023, 17:45
Оқылды: 82

Қазақстанда электр энергиясын бірыңғай сатып алушының моделі қолданысқа енгізілді

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап электр энергиясын сату мен сатып алудың жаңа моделі күшіне енді. Бұл оны таратудың орталықтандырылған жүйесін қарастырады. Жаңа модель аясында электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық қатысушысы – станциялар және олардың электр энергиясын тұтынушылар-өндіріс пен тұтынудан бір күн бұрын KEGOC электр желісі операторының жоспарлау жүйесінде өз өтінімдерін береді. Осылайша сатып алу және сату үшін сұраныс көлемін қалыптастырады.

light-bulb-4314993_640

Фото: pixabay.com

«Электр энергетикасы туралы» Заңның 1-бабының 32-1-тармақшасына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы электр энергиясының жоспарлы көлемдерін орталықтандырылған сатып алуды және орталықтандырылған сатуды жүзеге асырады.

«Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы №212 бұйрығына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы болып «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС айқындалды.

Яғни, енді көтерме нарықта тұтынушылар нақты тұтыну үшін емес, жүйелік оператордың тәуліктік кестесіне енгізілген келісімшартталған жеткізілімдердің жоспарлы мәндері үшін төлейді. Егер бұрын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын жергілікті станциялармен тікелей жеткізу туралы шарттар жасаса, енді өндірушілермен бірыңғай сатып алушы жұмыс істейтін болады, содан кейін ол осы электр энергиясын жеткізуші ұйымдарға орташа бағамен сататын болады. Сонымен қатар, сауда-саттық нақты уақыт режимінде өтеді, баға кестесі сағат сайын қалыптасады.

Бірыңғай сатып алушы бір жағынан энергия өндіруші компаниялар, екінші жағынан – энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдар арасында делдал рөлін атқарады.

Нарық моделінің осы өзгерістері энергия жүйесіндегі теңгерімсіздікті, электр энергиясының тапшылығын, сондай-ақ бәсекелестіктің тең емес жағдайларын жоюға мүмкіндік береді.

Бірыңғай сатып алушы бойынша қабылданған заң шеңберінде бірыңғай сатып алушының тұтынушыларға атаулы қолдау көрсету функциясы бар. Бірыңғай сатып алушыны енгізе отырып, энергиямен жабдықтаушы – жеткізушілерге кепілдік беретін ұйымдар  үшін әлеуметтік шиеленіс болмауы үшін атаулы қолдау көрсетіледі.

Кепілдік беруші жеткізушілер - кез келген тұтынушымен шарт жасасуға міндетті халық үшін электр энергиясының әлеуметтік маңызы бар бөлшек сауда нарығында ең үлкен үлесі бар энергиямен жабдықтаушы компаниялар.

Батыс Қазақстан облысында кепілдік өнім беруші - «Батыс Энергоресурсы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале